Асқар Алтайдың «Алтай новелласы» романындағы интермәтіндер
Аңдатпа
Асқар Алтайдың «Алтай новелласы» романындағы интермәтіндер формалық және мазмұндық деңгейде қарастырылған. Романның интермәтіндік кеңістігін көлемді мифтер арқылы, олардың қазақ, орыс және батысеуропалық жазушылардың шығармаларындағы қолданылуы арқылы анықтауға әрекет жасалынған. Сонымен қатар, романның Бұлабике және жас аңшы Ұлар секілді басты кейіпкерлеріне мифологиялық бейне ретінде талдау жасалған. Айқоңыр есімді аюдың бейнесі Лермонтовтың кейіпкерімен салыстырып түсіндіріледі. А. Алтай шығармасындағы оқиға желісінің дамуы П. Мерименің «Локис» шығармасымен байланыстыра қарастырылады.








