Д. Снегиннің «Утро и два шага в полдень» атты дилогиясындағы Ораз Жандосов көркем өмірбаяны

Авторлар

  • N.T., Kakisheva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,

Аңдатпа

Мақалада қазақ зиялыларының ең үздік өкілдерінің бірі Ораз Жандосовтың өмірбаяны мен
қызмет жолына арналған Д. Снегиннің «Утро и два шага в полдень» атты романы туралы айтылады
Жиырма жылға жуық Қазақстан мен Түркістан аймағының қоғамдық-саяси, ғылыми
ағартушылық мекемелерінде жауапты қызметтер атқарған ірі мемлекет және қоғам қайраткері
Ораз Қиқымұлы Жандосовтың есімі КСРО-ның Қазақстан мен Орта Азия аймағында белгілі
болды.
Мемлекеттік және саяси қайраткер ретінде О. Жандосов өзінің тәжірибесінде Қазақстанда
әлеуметтік-экономикалық, саяси жобаларды іске асыруда оның өзіндік ерекшеліктерін ескеру
қажеттігі принципін ұстанды.
«Утро и два шага в полдень» дилогиясы ХХ ғасырдың 70-80 жылдары жарыққа шықты (1976
жылы бірінші кітап – «Утро», 1982 жылы «Два шага в полдень» атты екінші кітап шықты).
Бірінші кітапта Ораздың балалық шағы және Верный гимназиясындағы оқу кезі туралы
баяндайды. Дилогияның екінші кітабында Дм. Снегин бас кейіпкер өмірінің тек екі жылын
елестетеді, бірақ дәл осы екі жыл халық тағдырын өзгерткен оқиғаларға толы кез болған.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-29

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары