Постмодернистік шығармалардағы объективті және субъективті уақыт сипаттамасы

Авторлар

  • А.О., Abaganova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ

Аңдатпа

Мақала мәтіннің темпоралдық құрылым ерекшелігіне, мәтін құрылымын бірнеше аспектіде анықтауға және сипаттауға арналған. Объективті және субъективті уақыт категорияларына анализ жасалған. Уақыт категорияларын жеткізудің негізгі тілдік құралдарының бірі – роман қаһармандарының не олардың баяндау уақытында тікелей оқиғалар мен іс-әрекеттердің орны мен уақытын жеткізетін «уақытша» лексика болып табылады. Сондай-ақ лексикалық бірліктеріне қосымша ретінде семантикалық корреляцияланған уақыт категориясымен грамматикалық уақыт пішіндерін де оны жеткізудің құралына жатқызуға болады. В. Пелевин жұмысының мәтін талдауын қорытындылай келе, автор барлық жұмыстың көркем дизайнін жасауда мәтін уақытшылығы түрлі деңгейде жаңарып отыратынын анықтаған. Шығармада уақыт қатаң субъективті мінез-құлық танытады, себебі грамматикалық емес, логикалық және психологиялық ойлау жүйесіне және объективті (онтологиялық) табиғатына негізделмеген оның қатысуы және ағымы ештеңеге тәуелді емес, ол ешбір басқарылмайды.

Жарияланды

2018-10-29