Қазақстандағы қазіргі татар публицистері
Аңдатпа
Мақала Қазақстандағы қазіргі татар публицистикасына арналған. Зерттеудің жаңалығы осы мақала авторларының қазіргі татар публицистерінің арасындағы ең маңызды тұлғаларын айқындаумен байланысты болып табылады. М. Ерзин, Г. Хайруллин, Р. Бикмухаметова, Ф. Байгельдинов, Т. Каримов, Ш. Багаутдиновтың публицистикалық кітаптары, очерктері, эсселері мен мақалалары зерттеу материалдары ретінде қарастырылды. Зерттеу Қазақстандағы қазіргі татар публицистикасының динамикалық дамуымен ерекшелігін көрсетеді. Татар публицистері, бір жағынан, татар халқының тарихи өткеніне жүгінсе, екінші жағынан, олар өз шығармаларын қазіргі заманғы өмірге де арнайды. Олар қазақстандық татарлардың өмірін ғана суреттеп қоймай, сонымен бірге,біздің еліміздегі эстетикалық идеалдар мен моральдық құндылықтарды көрсететін қазіргі қоғамда болып жатқан құбылыстар мен өзекті мәселелерді қамтиды.








