Лингвистикалық ғылым аясында қолданбалы лингвистика
Аңдатпа
Мақалада қолданбалы лингвистиканың негізгі мәселелері қаралады. Қолданбалы
мәселелер жалпы қағидалардың тұжырымдалуына алып келетін теориялық сипаттағы алдын
ала зерттеулерсіз шешіле алмайды, ал алынған нәтижелер (практикалық
тәртіптегі) одан соң
теориялық құрылымдар үшін бастапқы негіздер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Дәл осындай
жағдай тіл грамматикасын құрастыруда да орын алады: біз мұны не қолданбалы лингвистикаға
(мектепте ана тілі немесе шет тілдерін оқыту үшін пайдаланылатын грамматика оқулығы) немесе
іргелі лингвистикалық зерттеу саласына жатқыза аламыз; екі жағдайда да тілді зерттеудің екі
аспектісі өзара тығыз байланысады, ақырғы мақсат қана оларды екіге бөледі. Қолданбалы
лингвистика – белгілі практикалық мәселені тікелей және арнайы шешуге бағынышты белгілі
қолданбалы мақсаты бар тіл зерттеу саласы. Нақты ережелермен және мәселелермен арақатынас
қолданбалы лингвистиканың соңғы шешімі болып саналады. Тілді ғылыми зерттеу – бұл жан-
жақты зерттеулер мен бағыттардың ұзақ үдерісі. Әдетте ғылыми зерттеулерде тіл білімінде үш
бағытты ерекшелейді: қолданбалы, теориялық және сипаттау. Әр бағыттың өзінің белгілі бір
функциясы мен ерекшелігі бар.








