ТҮРКІ ОНИМДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (Х-ХІV ғғ. тарихи ескерткіштер негізінде)
Аңдатпа
Мақалада түркі жазба тарихи ескерткіштеріндегі онимдердің құрылымы зерттелген. Жалқы есiмдердi құрылымына жiктеу түркi ономастикасында анықтаушы қатынастағы екiнегiздi атаулардың басым екендiгi жалқы есiмдердi құрылымына топтастыру тарихына шолу арқылы айқындалған. Сонымен бірге «Диуани хикмет», «Ақиқат сыйы», «Мұхаббат-наме» және «Құтты білік» ескерткіштері негізінде онимдердің жасалу тәсілдері қарастырылған. Аппроксимация тәсілі метафора негізінде екіншілік атаудың бір тәсілі ретінде қолданылған, оның ұқсастық бойынша атау ретінде ең алдымен белгілеудің құрылымдық сипаттау құралдары арқылы жасалатыны анықталған. Контаминация, яғни екі атаудың кірігуі нәтижесінде қалыптасқан онимдердің ескерткіштерде кездескені айқындалды. «Құтты білік» шығармасындағы Айтолды, Күнтуды антропонимдеріндегі Ай, Күн компоненттері бастауыш болып келсе, толды, туды компоненттері баяндауыш қызметінде (императив формасында) қолданылғаны анықталды. Әртүрлі тілдік жағдайда жалқы есімнің немесе оның құрылымындағы бір элементінің (фонеманың, морфеманың, лексеманың) өзгеруі, яғни аллоним негізінде қалыптасқан онимдер қарастырылды. Олардың ресми және бейресми, әдеби және диалекті, әдеби және аймақтық, стильдік, транскрипциялық, хронологиялық түрлері айқындалды. Көбінесе нормаға түспеген ауызекі тілде жиі айтылатын, кірме сөздерді қабылдап алғанда ана тілдің ерекшеліктеріне жатпайтын дыбыс тіркестеріне байланысты пайда болған атаулардың эпентеза негізінде жасалатыны зерттелген.








