Когнитивтік-дискурсивтік білім парадигмасының категориялар жүйесіндегі пропозитивтілік
Аңдатпа
Мақалада дискурстың болмысы туралы ілімнің және оның негізгі категорияларының теориялық-әдіснамалық мәселелері қарастырылған. Осы категориялар жүйесіндегі негізгі орынды тіл сөйлеушілерінің сөйлеу-ойлау (дискурсивтік) әрекетінің мағынасын құрайтын феномені ретіндегі пропозитивтікке беріледі. Пропозитивтілік логикалық-синтаксистік бірлік
болып табылатын пропозиция негізінде құрылады. Тілді концептуалдау және нақтылықты
категориялау кезінде пропозиционалдықтың мағына құраушы қызметі туралы ұғым беріледі.
Мақалада пропозитивтілік деп тілдің категориясы арқылы адам болмысының менталдық
жағын құрайтын білімімен, діншілдігімен, ой-пікірімен, ақиқаттығымен және нақты әлеммен
өзара байланыстыратын тілдің қасиеттері мен категориялары ретінде түсіндіріледі. Сондай-
ақ пропозитивтілік ұғымы фундаменталдық категория ретінде қарастырылады, гуманитарлық
білімнің когнитивтік-дискурсивтік парадигмасында когниция мен дискурс әлеміндегі тікелей
байланысы туралы ұғым негізделген және анықталған.








