Тілдік емес ортада коммуникатив тілдік құзыретті қалыптастыру
Аңдатпа
Қазіргі таңда құзыреттілік тәсіл шет тілін оқыту барысында университеттердің техникалық факультетінің студенттеріне негіз болып табылады, әсіресе, арнайы мақсаттарға арналған шет тілін оқыту барысында. Шет тілін оқыту саласында кәсіби қарым-қатынас талап етіледі, пәнаралық байланыстарды нығайту, біріктіру, шет тілі және арнайы пәндер. Тілдік емес ортада студенттер арасында кездесетін негізгі бір қиыншылықтардың бірі, көптеген ағылшын тіліндегі сөздердің дұрыс айтылмауы, әсіресе терминдер жалпы ағылшын тілі курсы кезінде берілмейді. Бұл мәселені шешудің жалғыз жолы – телекоммуникациялық технологияларды оқыту үрдісі кезінде енгізу. Қазіргі таңда ғаламтор кәсіби ағылшын тілін қолдануға көптеген материалдарды қамтиды. Мұғалімнің рөлі мынада, көптеген мәліметтерді іздеуге басшылық ету. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде кәсіби ағылшын тілін оқыту тәжірибесін осы стратегия арқылы тиімділігін дәлелдеді. Мақаланың авторлары қарап шығу және бейне ойнату кезінде пайдаланылатын әдістерін қарайды. Арнайы бейнематериалдарды пайдалану артықшылықтары (атап айтқанда, физикадан) студенттерге сөздердің айтылу жағын жақсартуға, жаңа терминдерді жаттауға, ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға және презентациялар жасау қабілетін жақсартуға мүмкіндік береді.








