Өмірлік цикл контекстінде дәстүрлі музыканың жанрлық жүйесі

Авторлар

  • M. N Burambaeva Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан: Алматы
  • A. I Mukhambetova Т. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының профессоры, Қазақстан, Алматы

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ халқының аспаптық орындаушылық шығармашылығы мен ән жанрының
арақатынасын, эвалюциясын, иерархиясын, сонымен қатар, түрлі жанрлардың қолданысындағы
тұтастығын анықтауға талпындық. Түрлі жан-жақты әсерге түсіп, автохроникалық дәстүрлерге
негізделген дәстүрлі қазақ музыкасы тарихи дамудан өтеді,бірбүтін болып қалыптасып, жанрлық
жүйесін бейнелейді. Қазақ музыкалы-поэтикалық шығармашылық жанры жүйесі балалық шақтың
әні, жастық шақ, есейген шақ, кәрілік кезең сияқты өмірлік жағдайда көрініс тапқан әндерден
қалыптасқан болатын. Фольклордың және кәсіби өнердің бірыңғай мазмұны мен музыкалықлингвистикалық базасының арқасында бүкіл қоғамның игілігі болып саналатын көшпенді
мәдениеттің ең жоғары рухани деңгейі мен демократиясы және көркемдік құндылықтары
қалыптасты. Қазақ қоғамының дәстүрлі өмірінде мүшелдік жас ғарышты, табиғи-дәстүрлі және
әлеуметтік-мәдени құбылыстарды біріктіре отырып, бастапқы ажырамастықтық, макро және
микрокосмостың біртұтастығын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-02

Журналдың саны

Бөлім

Мәдениеттану