Қазақ көркем прозасындағы дәстүр мен жаңашылдық

Авторлар

  • O Abdimanuly әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

Бұл мақала атақты қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаев шығармашылығын зерттеуге арналған. Оның «Күй», «Дария ханшаның тарихы» повестері, «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» романдары басты зерттеу нысаны болып табылады. Талдау негізінде аталған шығармалардың көркемдік ойлау, стиль ерекшеліктері әрі жазушы шеберлігі ашылады. Ол өз шығармаларында кейіпкерлер жүйесіне баға беріп, олардың ішкі жай-күйін, жасырын әркеттерін сипаттайды.Әбіш Кекілбаевтың повестері мен романдарының идеялық-тақырыптық мазмұнын ұғынуға басты назар аударылды. Мақалада тарихи және көркемдік шындық мәселелері мен мәдени, фольклорлық
дәстүрлер мен әдебиет сабақтастығы түсіндіріледі. Сонымен қатар, мақалада Әбіш Кекілбаев
шығармаларындағы жаңашылдық пен шығармаларда көрініс тапқан қазақ дәстүрлері жайлы
айтылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-03