И. Шмелевтің әңгімелеріндегі орыс провинциясының моделі

Авторлар

  • U.K., Abisheva әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

Мақалада И.С. Шмелевтің орыс классикалық әдебиетінің дәстүрін дамыта отырып, уезд өмірін
суреттейтін 1910 жылғы әңгімелері зерттеледі. Осы кезеңдегі провинция хронотопы жазушы үшін
эстетикалық тұрғыдан маңызды рөл ойнайды және шығармаларының негізгі дерек көзі болып
табылады. Провинция өмірі жазушының реалистік прозасындағы тұрақты тақырыптардың бірі.
Шығармаларындағы кеңістік құрылымына жүргізілген сараптама негізінде, жазушы әңгімелерінде
суреттеген өмір жабық кеңістікке негізделгенін және басқа әлемнен бөлектелгенін аңғартады.
Бұл рухани кеңістік физиологиялық көңіл-күймен шектелген кейіпкерлердің қарапайым өмірімен
сипатталады. Жазушының өмірлік дәстүрге негізделген шынайы өнері жаңару қабілетін
көрсетеді. Көркем әңгімелер жүйесі өзара әртүрлі күрделі жүйелердің әрекеттесу процесінде
қалыптасады. Шмелевтің жазу үлгісі алғашқы шығармаларындағыдай күрделі болып келеді,
алайда бірінші орынға стильдік ізденістер, образдық жүйенің жаңаруы шығады. Жазушы-реалист
ХХ ғасырдың басындағы көркемдік ізденістерге қосылды. Прозалық шығармаларында жазушы
символизмнің көркемдік әдістерін белсенді түрде меңгеріп, шығармашылықты ұйымдастырудың
жаңа тәсілдерін қолданады. ХХ ғасыр басындағы реализмдегі поэтиканың жаңашылдығы, жаңа
ойлау жүйесі «Символикалық компонентте» көрініс табады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-03