М.М. Пришвиннің прозасындағы автор мен кейіпкер
Аңдатпа
Мақалада әдеби шығармадағы автор образы мен шынайы тұлғаның арақатынасы мәселесі қарастырылады. Осы мәселе, әсіресе, автобиографиялық әдебиетте айқын аңғарылады, онда автор мен қаһарман бір-біріне тым жақын, бірақ көп жағдайда бірдей емес. Жанрлық қасиеттері мәселелері және автор мен қаһарман арақатынасы М.М. Пришвиннің «Черный араб» поэмасын талдау барысында айқындалады. Поэма автобиографиялық негізде құрылған, шығармада екі баяндау жоспары бар, олар – осы шақтың жоспары (бұл деңгейде баяндаушы, мәтін авторы сөйлейді) және өткен шақ та (авторлық жады арқылы өңделген өзіндік «мен»). Осылайша, шығармада субъекттің екіге бөлінгендігін көрсетеді. Бір жағынан, бұл автордың өткен шақтағы өзінен алшақтауы анық көрсетеді. Екінші жағынан, көбінде автобиографиялық шығарма автор мен қаһарманның сәйкес келуін қарастырады. Автор өз қаһарманын өзінің өмірбаянымен, тағдырымен, мінезімен толықтырған. Талдау барысында анықталғандай, автор автобиографиялық қаһарманды суреттеуде өзін айна-қатесіз қайталамайды, керісінше, өз өмірбаянын ой таразысына салып, шындықты сол күйінде көшірмей, шеберлікпен өңдейді. Сонымен қатар, авторлық танымның маңызды доминанттары анықталды: монологтық, «тура бағалау тұрғысындағы көзқарас», (по Б. Корман бойынша), пассеистілік, баяндаудың феноменологиялық табиғаты.
