О. Бөкейдің «Атау кере» шығармасындағы герменевтикалық сарындар
Аңдатпа
Оралхан Бөкей шығармашылығындағы айқын бір арна – адамның ортадан шеттеу, жатсыну, жалғыздық күйін шынайы, иланымды бейнелеудегі өзіндік қаламгерлік ұстаным, беталыс бағыты. Түптеп келгенде, бұл тұрғыда кеңіте зерттеуді қажет етіп жатқан мәселелер бар. Оралхан кейіпкерлері жалғыз жүргенімен жатбауыр емес, ортадан баз кешіп, жан баласын керек қылмай кеткен кісікиіктер де емес. Олардың жалғыздығы – жағдай тудырған сырттай жалғыздық. Мақалада О. Бөкейдің «Атау кере» шығармасы герменевтикалық аспектіде қарастырылған. Көбіне көп тұспал, жасырын, ишара, меңзеу, жұмбақтап айту үлгілерінде берілген бұл туындыда автор адамның түпкі құпияларына батыл бару еркіндігін дарытуда елеулі еңбек жасаған. Аталмыш шығармада жалпыадамзаттық қасірет көлеңкесі, ХХ ғасырдағы өктем жүйе жұтқан қайырсыз жылдар өксігі, ұлттық сенделіс-дағдарыс, ұлы дүниенің тұтас құдіретіне қапысыз ынтығу серпіндері анықталды.








