Иса Мұғанның ақиқаты мен Гүсейн Жавидтің нұры

Авторлар

  • Sh. Sadygov Национальной академии наук Азербайджана, музей Г. Джавида, г. Баку, Азербайджан

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдағы әзірбайжан әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығындағы негізгі идеялық ұстанымдарының ұқсастығы қаралады. Шығармашылықтарының екінші кезеңіндегі Иса Мұғанның драматургиясы мен Гүсейн Жавидтің прозасындағы жаратушының әділеттілігі, әлемнің жаратылысы, Сенім идеологиясының ортақтығы жайлы пайымдаулары тыңғылықты талданады. Екі ұлы суреткердің шығармашылықтарындағы сөздерінің ұқсастықтары сөз болады. Екі автордың шығармашылығындағы айырмашылықтарға қарамай (стилі мен әдеби бағыты) олар сопылық идеясын, романтикалық идеалды қолдайтындығы, ал жалпы адами мәселелерді түркілік әлемтану тұрғысынан бағамдайтындығы сөзге тиек болады. Авторлардың шығармашылық көзқарастары, идеялық жақындастығы нақты ғылыми деректермен дәлелденеді. Мақалада Гүсейн Жавидтің «Санан шейх», «Ібіліс» пьесалары, Иса Мұғанның «Идеал», «Гюр Ун», «Тозақ», «Тұрфа» атты романдары мен повестері зерттеу нысаны болды. Авторлардың аталған шығармаларындағы тылсым және діни пайымдауларын сипаттайтын реңіктер мен поэтикалық құралдарға салғастырмалы талдаулар жасалады. Сонымен қатар, екі автордың шығармашылығындағы түркі халықтарының мәдениетнің дамуымен байланысты шешуші идея негізделеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-08