XVIII-XIX ғасырлардың қазақ әдебиетіндегі ұлттық идея көрінісінің ерекшеліктері

Авторлар

  • A.B. Temirbolat

Аңдатпа

Мақалада «ұлттық идея» ұғымының мәні тұжырымдалады. Қазіргі әдебиеттанудағы бұл мәселенің негізгі зерттелу аспектілері ашылады. Ұлттық идеяның қалыптасуы мен эволюциясына әсер ететін факторлар қарастырылады. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті шығармаларының талдауы негізінде оның ролі мен мағынасы ашылады. Зерттеу барысында жазушылардың эстетикалық және этикалық идеалдары мен құндылықтарын көрсететіні анықталады. Бұл ұғым авторлық болмыс концепциясын, кейіпкерлердің психологиясы мен ақиқатқа көзқарасын терең ашуына мүмкіндік береді. Ұлттық идея көркем шығармаларының мазмұны мен поэтикасын безендіреді. Әдебиеттің жанрлық ерекшелігін қамтамасыз етеді. Оның негізгі сипаттамалары руханият, отаншылдық, адамгершілік болып табылады. Ұлттық идея XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиетінің мазмұны, сюжеті, бейнелер жүйесі деңгейінде көрініс табады. Фольклор, ақын мен жырау шығармаларында қоғамның дамуы үдерісі контексінде зерделенетін әлеуметтік құбылыстар, тарихи оқиғалар, тұлғаның ішкі әлемі қарастырылады.

Жарияланды

2018-11-08

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары