Қазақ топонимдерінің метатілдік рефлексиясы
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан географиялық атауларының метатілдік рефлексиясы қарастырылады.
Кез келген адам немесе жолаушы жер-су атауын кездестіргенде оның мағынасын түсінуге
тырысады. Атаудың мағынасын, шығу төркіні жайлы ақпарат білмесе, өзге сөздермен дыбыстық
жағынан байланыстырып немесе географиялық орналасуы мен тарихына мән береді. Жер-
су атауларын түсіну және оның мағынасын ашу әр метатілдік санада әр түрлі орын алады.
Кейбір адамдар топонимдерді белгілі бір нысан не құбылыс атауларымен, кейбіреулері батыр
есімдерімен байланыстырады.
Атаулар, әсіресе топонимдік атаулар орналасу тұрғысынан ел не елдімекен тарихымен тығыз
байланысты. Сауалнама респонденттері жер-су атауларын көп жағдайда тарихи оқиғалармен
байланыстырады. Мұның себебі, тарихта орын алған қазақ-монғол, қазақ-қалмақ, қазақ-орыс
қатынастары.Осы халықтар арасындағы тығыз байланыс Қазақстан аумағында өзге тілді
атаулардың кең таралуына әкелді. Бұл үрдістің дәлелі ретінде Петропавл, Өскемен, Павлодар,
Семей, Аблакетка, Қаскелең, Шамалған, Боралдай және т.б. атауларды алуға болады.Зерттеу
нәтижелері респонденттердің атауды географиялық ақпараттармен байланыстыратындығынкөрсетті. Мысалы, Қарағанды, Шымбұлақ, Келес, Бетпақдала, Арқалық, Сарыарқа және т.б.
атаулар. Зерттеудің нәтижелері бірнеше түрге топтастырылып берілген.
