Гипермәтін құрамындағы прецедентті мәтіндердің ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақалада гипермәтін болып табылатын қазіргі БАҚ мәтіндерінің мағыналық ұйымдастырылу
мәселелері қарастырылады. Гипермәтінде интертекстуалдылықпен қатар мәтінаралық өзара
әрекеттесуді білдірудің құралдары прецедентті мәтіндер болып табылады. Прецедентті мәтіндер
дегеніміз белгілі бір мәдениет өкілдеріне маңызды болып табылатын жиі айтылатын мәтіндер
(әйгілі шығармалардан үзінділер, мақалдар, фразеологизмдер, әдеби шығармалардан алынған
дәйексөздер, қанатты сөздер, өлең жолдары және т.б.). Прецедентті мәтіндердің негізгі қызметі
оқырманды немесе тыңдаушыны хабардар ету емес, оған әсер етіп, белгілі бір оқиға немесе
жағдаят туралы пікір қалыптастыру. Қазіргі БАҚ мәтінінде прецедентті мәтіндер белсенділігінің
көрсеткіші бір бастапқы мәтіндердің қолданылу жиілігі болып табылады, сонымен қатар
қарастырылып отырған прецедентті мәтіндер жаңа тілдік бірліктер жасалатын үлгіге айналады.
Іс жүзіндегі материал ретінде отандық орыс тіліндегі баспасөз алынды








