Ағылшын тілі – халықаралық тіл деңгейінде

Авторлар

  • A.A. Nurmukhanbetova B. Issabayeva әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі әлемдегі ағылшын тілінің рөлі, жаһандық таралуы және оның
мәртебесінің зерттелу сұрақтары қарастырылады. Авторлар ағылшын тілінің таралуына және
оның даму тарихына ықпал ететін факторларды да зерделейді. Тілдердің өзара әрекеттесуі, бір
тілдің екінші тілге енуі, кірме сөздердің пайда болуы белгілі бір тілдің лексикалық жүйесін дамыту
және оны өзгертудің маңызды факторы болып табылады. Сонымен қатар, бұл мақалада авторлар
басқа тілдермен әрекеттескен ағылшын сөздерінің жіктелуін жасады. Қазіргі уақытта әлем шетел
тілдерін жетік меңгеруге көшу кезеңінде болғандықтан, ағылшын тілінің де жаңа формалары
пайда болып, бұл үрдіс басқа тілдермен қарама-қайшылықтың үлгісін және коммуникациядағы
адамдардың өзгеретін қажеттіліктерін де көрсетеді. Ағылшын тілін коммуникация тілі ретінде
тарату – жаһандық біркелкілікке қысым көрсетуді жалғастырады, ал бұл стандарттар тілдегі
өзгерістері мен геолингвистикалық әртүрліліктің жоғалуына әкелуі мүмкін. Ағылшын тілі жаңа
идеялардың пайда болуына мүмкіндік ашатын бірден бір құрал болып табылады. Мақалада үнді-
еуропа елдерінен енген сөздердің түрлері қарастырылып, талданды, сондай-ақ кірме сөздерді
зерттеудің өзектілігі туралы қорытынды жасалды.

Жарияланды

2018-11-08