«Сыпайылық» концептісін қолданудағы түрлі әдістер

Авторлар

  • D.А., Kаrаgоishiyevа M.А., Zhаnаbekоvа әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • K.K. Kurkebаev S.Ulpаn Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

Аңдатпа

Мақалада тілдегі «сыпайылық» концептісін қолданудағы түрлі әдістер келтірілген. Қазақ және қытай тіл мәдениетіндегі «сыпайылық» түсінігінің айырмашылықтары қаралады. Бұл мақалада мәдениетаралық қарым-қатынасқа қажетті сыпайылық сақтау ережелерінің мысалдарын ұсынамыз. Сыпайылық әртүрлі нысанда көрінетін мінез-құлық ережесі ретінде қарастырылады. Ұсынылып отырған мақаланың негізгі мақсаты – сыпайылықтың пайда болуының негіздерін зерттеу, мәдениетаралық қарым-қатынастың себептерін талдау, қазақ және қытай мәдениетінің айырмашылықтарын ажырату, түрлі мәдениет өкілдерінің сыпайылық түсінігін қолдану әдістерін үйрену. Біз сыпайылық түсінігінің дұрыс қолданылуы үшін түрлі мәдениеттегі оның жүзеге асу қағидаларын дұрыс түсіну керектігін көрсетеміз.

Жарияланды

2018-11-15