Ф.М. Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романының қазақ тіліне тәржімалануы: аудармашылық сәйкестік мәселесі

Авторлар

  • Zh.T. Abdullayeva әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Аңдатпа

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген Ф.М. Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романының қазақ тіліне аударылуы мақаладағы зерттеудің арқауы болды. Мақалада түпнұсқадағы ұлттық реалийлердің тиімді аударылу тәсілдері сарапталды, жазушының портрет суреттеуінің стильдік ерекшеліктеріне аса назар аударылды, кейіпкерлердің сыртқы кейпі мен ішкі жан дүниесінің аударылу тәсілдері талданды. Аудармашы жазушының көркемдік тәсіл ерекшеліктерін аудармада сәйкес тәсілмен жеткізгені туралы пайымдау жасалынды. Автор Нияз Сыздықов аудармада қазақ әдеби тілінің бай мағыналық, дискурстық және стильдік әлеуетін паш еткен деп есептейді. Мақалада Ф.М. Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романының аудармасы қазақ әдебиетінде жазушы шығармашылығының рецепциясының көрінісі деген тұжырым жасалынды.

Жарияланды

2018-11-15

Журналдың саны

Бөлім

Аударма теориясы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары