Қазақтың домбыра дәстүріндегі әзіл күйлер аңыздарының әдебі
Аңдатпа
Қазақтың күй өнерінде қамтылмайтын тақырып жоқ деуге болар. Күйдің көлемі де шағын болғандықтан (бір-бір жарым минуттан алты-жеті минутқа дейін), осы уақыт аралығында күй әуені бірнеше тақырыпта сөйлеуі мүмкін: қайғылы басталып, жігерлі әуенге ауысуы (Құрманғазы – «Кішкентай»), көңілді басталып, ойлы боп құбылуы (Тәттімбет – «Бес төре»), шертпе әдісінен құйқылжыған жүрдек сарынмен жалғаса алуы мүмкін (Қ. Ахмедияров – «Хамаң толғау», «Күткенде»). Міне, осы орайда ұсынылып отырған зерттеу мақсаты да бұл үрдістің бір бөлігін қамтып, қазақ халқының көңілді күйлерін зерттеу нысаны ретінде қарастырып, күй аңыздың тұтас сабақтастығын зерделеу болмақ.
