Неке және отбасы концептілерін зерттеудің лингвомәдени аспектісі

Авторлар

  • M.S. Ongarbayeva N.Y Zueva R.M Tayeva T.P Kolesnikova әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет, Алматы, Қазақстан

Аңдатпа

Берілген мақала ағылшын, қазақ тілдеріндегі НЕКЕ және ОТБАСЫ концептілерін қарастырады. Аталған концептілер әлеуметтік қатынас пен қоғамның қызметін анықтаушы негізгі фактор болғандықтан қызығушылық тудыруда, ал неке және отбасы институты мәдениеттің ажырамас құрамдас бөлшегі болып саналады. Зерттеу барысында «концепт» ұғымының әртүрлі анықтамалары қарастырылды, соның ішінде лингвомәдениет тұрғысынан халықаралық байланыстың кеңеюі, жаһандану және әрбір халықтың тілдік, мәдени ерекшеліктерін ескере отырып зерделенді. Лингвомәдени аспектісі негізіндегі зерттеу аталған концептілердің әмбебап және ұлттық-спецификалық ерекшеліктерін анықтауға, халықтың тілінде мәдениеттің қаншалықты көрініс табатын анықтауға көмектеседі.

Жарияланды

2018-11-19