Қазақ тілін оқыту барысында студенттердің танымдық біліктілігін қалыптастыру тәсілдері
Аңдатпа
Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат – жан-жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін және өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқытушының білім беру дәрежесін жаңа бағытта жетілдіріп, студенттердің оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту, танымдық құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі күннің талабы. Бұл мақалада студенттердің танымдық құзыреттілігін дамыта отырып, қазақ тілі сабағында оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру жолдары қарастырылады. Сондай-ақ, сабақ барысында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы да студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендіру жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатындығы назардан тыс қалмайды. Студенттердің танымдық құзыреттілігін арттыру үшін түрлі тақырыптағы ойын түрлері, шығармашылық жұмыстар, өз мамандығына қатысты материалдармен таныс болу арқылы да танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімін қалыптастыруға болатыны айтылады. Оқыту таным әрекетінің ерекше түрі болғандықтан, бұл бағытта жүргізілетін жұмыс түрлері студенттердің құзыреттілігін дамытуға арналады.








