Томас Хардидің «’Эрбервилдер әулетінен шыққан Тэсс» атты романындағы ағылшын ауызекі лексикасының аударылу мәселелері

Авторлар

  • V. Kan әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы: Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада көркем прозадағы ауызекі лексикасының аударылу
ерекшеліктері кейбір біркелкі лексемалардың әртүрлі академиялық
сөздіктерде әрқилы стилистикалық белгілерге ие болып, толық
айқындалмау жағдайына байланысты қарастырылады. Томас
Хардидің «д’Эрбервилдер әулетінен шыққан Тэсс» атты роман
мәтініндегі ағылшын ауызекі лексикасының орыс тіліне аудармасы
ұлттық ерекшеліктің, семантикалық байлық және эмоциялық
толықтықтың әсерінен аудармада белгілі қиындықтар тудыратыны
көрсетіледі. Осыған байланысты ауызекі және стилистикалық төмен
лексиканың орыс тіліне аудару жолдарын қарастырудың өзектілігі
айқындалады. Кейде аудармашылар тиісті мәселелерді аударма
барысында шешетіні көрсетіледі. Нақты мысалдар арқылы әрбір
жетілген тілдегі ауызекі сөйлеу стилінің лексикалық­фразеологиялық
бірліктері тілдің семантикасында құрылымдық­грамматикалық
ерекшеліктермен қатар халықтың тарихы мен мәдениетін ұрпақтан
ұрпаққа жеткізетіні дәлелденеді. Сонымен қатар, жергілікті халық
тілі әртүрлі географиялық факторларға, яғни арнайы ауызекі сөз
тіркестері, диалектілер, кейде кейіпкерлер тіліндегі акценттерге
байланыстылығы айқындалады

 

Жарияланды

2018-11-26