Қазіргі гуманитарлық ғылымдағы концепт зерделеу негізгі тәсілдемелер
Аңдатпа
Мақалада қазіргі гуманитарлық ғылымдағы «концепт» терминініңмағынасы мен рөлі қарастырылған. Берілген ұғымның табиғаты түрлі
ғылыми бағыттар мен тәсілдер негізінде қаралған. Концепт проблемасын
зерттеуге бағытталған теориялық жұмыстарды талдау және жалпылау
арқылы оның сипаты мен ерекшелігі ашылады, көркем концептінің
өзгешелігі анықталады. Талдау үрдісі нәтижесінде берілген термин әдеби
шығармаларда жеке автор концептісінің белгіленген нұсқасы ретінде
оның концепт кеңістігінің мағыналық кескіндемесіне шоғырланатыны
дәлелденген. Көркем концептіні зерттеу көркем мағынаны тудыратын
сөз өнерінің табиғатына терең бойлаумен қатар, көркемдік
коммуникацияны да зерттеуге мүмкіндік береді. Жұмыста әдебиеттің
халықтың концепткеңістігін кеңейтудегі үлесі қарастырылған. Қазіргі
филологиялық ғылымда берілген ұғым шығарманың көркемдік әлемін
және жазушының ұлттық әлемін бірлікте зерттеуге мүмкіндік беретін
құрал ретінде көрініс табатыны дәйектеледі.
Жүктеулер
Жарияланды
2018-11-26
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазіргі гуманитарлық ғылымдағы концепт зерделеу негізгі тәсілдемелер. (2018). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 165(1), 392-396. https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2293








