Дмитрий Снегин шығармаларындағы жанрлық әрқырлылық
Аңдатпа
Мақалада Дмитрий Снегиннің «В городе Верном» романының жанрлық ерекшеліктері
қарастырылған. Аталмыш шығарма сюжетінің пайда болу тарихы мен шығарманы жазу кезіндегі
қиындықтары сарапталады. Мақаланың басты мақсаттарының бірі шығарманың басты кейіпкері
болып табылатын ойдан шығарылған есімдер мен оған сәйкес келетін шынайы өмірдегі тұлғалар
есімдерінің арасындағы қарым-қатынасы қарастырылады. Автор романдағы өзекті мәселелерді,
мотивтерін және жанрлық-құрылымдық ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Мақаланың
соңындаавтор жазушының оқырмандарға рефолюция қарсаңында Верный қаласында және
оның төңірегінде болған тарихи оқиғалардың әдеби түрдегі зерттеуін, автордың шығармашылық
зертханасында өңделіп, автордың санасы арқылы берілетіні туралы қорытынды жасайды.








