В. Михайловтың «Великий джут» повесіндегі интертексттер
Аңдатпа
Мақала«В. Михайловтың документтік проза жанрында жазылған «Великий джут» кітабындағы
көркемдік сюжеттер» тақырыбына жазылған. Мақалада әдебиеттегі трансформация, яғни
түрлену, өзгеру тақырыбында сөз қозғалады. Сондай ақ көркемдік, әдебиеттегі образдар жүйесі,
пішін мәселесі жайында айтылады. Әдеби мәтінді тудыру шеберлігі жайында. Автордың ой-өрісі
мен оқырманның қабылдауы. Әдеби мәтіндегі қосалқы сюжеттер, яғни мәтін ішіндегі мәтін
жайында айтылады. Валерий Михайловтың «Великий джут» кітабына талдау жасалады. Талдау
обьектісі ретінде кітаптағы қосалқы сюжеттер алынған. Ондағы көркемдік жанрда берілген
әңгімелер желісі документтік жанрдағы туындыны қызықты ете түседі. Контрастты қолдану
әдісі оқырманды өзіне баурап алады.








