Азербайжан-Европа әдеби байланыстары тарихындағы негізгі факторлар
Аңдатпа
Мақалада Азербайжан-Европа әдеби байланыстарының пайда болу тарихы әңгімеленеді.
Автор «Әдебиет байланысы» терминінің ғылымға белгілі барлық мағыналарын ашады, ХХғасырға
дейінгі әдебиеттік байланыстарға тұтастай тоқталады. Автордың пікірі бойынша, әдебиет
байланысы екі жақты немесе бір жақты мүддеден тіпті қажеттіліктен туындауы мүмкін. Мұндай үдеріс Азербайжан халқының өмірі мен мәдениетінен де байқалады. Мақалада әдебиеттер
байланысы теориясы қарастырыла отырып, бұл байланыстар өзге халықтардың әдебиетіне деген
қызығушылықтан туған байланыстар, өзге халықтардың әдебиетіне деген қажеттіліктен туған
байланыстар болып екі топқа жіктеледі. Автор әдебиет байланыстарының, біріншіден, әдебиет
үдерістері тарихында ұқсастық болған жағдайда, екіншіден, қоғамдық-тарихи үдерістерді
дамуында ұқсастық болған жағдайда туындайтындығын атап көрсетеді.








