Қазақстанның анималистік әдебиетінің мәнмәтініндегі М. Зверевтің жануарлар туралы реалистік әңгімелеріндегі көркемдік ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан және әлем әдебиетіндегі анимализм дәстүрі қарастырылады, оның
негізгі ерекшеліктері бекітіледі. М. Зверевтің повестері мен әңгімелерінің негізінде оның
жануарлар туралы реалистік шығармаларының көркемдік ерекшеліктері анықталады. М.
Зверевтің натуралистік шығармаларына автордың Қазақстан жануарлар әлеміне жүргізген
түрлі бақылауларын баяндайтын дала жануарларының өмірі туралы қысқа әңгімелер құрайды.
Жазушының әңгімелері белгілі жағдайлардағы жануарлардың түрлі іс-әрекеттерін шынайы
сипаттаумен ерекшеленеді. Отандық анималистік әдебиетте алғашқылардың бірі болып
М.Д. Зверев жануарлардың ішкі жан дүниесіне қызығушылық танытып, жануарларға деген жаңа
көзқарас қалыптастырды. М.Д. Зверев өз шығармашылығында ғылымды, көркем әдебиетті және
публицистиканы ұштастыра білді.








