Әзербайжан ертегілеріндегі өзіндік алмасулар мен қоспалар
Аңдатпа
Мақалада әзербайжан ертегілеріндегі қоспалар мен алмасулар әр қырынан қарастырылады.
Олардың көпшілігі өткен ғасырдың бірінші жартысында хатқа түсірілген болатын. Сонымен
қатар қоспалар мен алмасулардың өзіне тән ерекшеліктері, ертегішінің репертуарын
қалыптастырудағы рөлі де әңгімеленеді. Мақалада талдауға түскен 164 ертегінің 43 пайызы (70
мәтін) өзгеріске түскені атап көрсетілген, бұл Азербайжанда сюжеттік қоспалардың өз кезінде
өте кең таралғанын көрсетеді. Азербайжан ертегілерінде ұшырасатын қоспалар мен алмасулар
өзге халықтардың осы тектес шығармаларынан өзінің тартымдылығы, әр түрлілігі, формалары
мен әдістерінің әр алуандыңғы жағынан айрықшаланады. Фольклорлық жиындардың өмірден
шығып қалуына байланысты ғасырдың екінші жартысынан бастап ертегішілер дәстүрі әлсірей
бастағаны байқалады. Мұнымен қоса алмастыру, қоспа әдістері, ертегілерді жаңғырту амалдары
да өз маңызын азайта бастады.








