И. Щеголихин эссеистикасындағы философиялық дүниетанымының ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақалада И. Щеголихин эссеистикасындағы философиялық дүниетанымының ерекшеліктері
қарастырылады. Оның шығармаларындағы шынайы өмірді бейнелеудегі әлеуметтік
мәселелердің өткірлігі, шығармашылық, азаматтық жайғасымының ашықтығы мен тәуелсіздігі,
жаңашылдық ізденістері жазушы шығармашылығын зерттеушілердің үнемі назарында болып
келді. «Не жалею, не зову, не плачу…» және «Любовь к дальнему» шығармаларының негізінде
авторлық жайғасымның айқындылығы, щеголихиннің шығарма жазудағы эссестикалық
стилі қарастырылады. И. Щеголихиннің эссеистикасында «өткен» мен «естеліктер» секілді
ұғымдардың ерекше орынға ие екендігі атап өтіледі. Талдау нәтижесінде И. Щеголихиннің
эссеистикасы философия мен әдеби мәтіннің ұштасуымен, баяндау формаларының өзгеруімін,
автор жайғасымының және автор-баяндаушының көзқарасының түзутелерімен, сонымен қатар
тақырыптың алуан түрлілігімен ерекшеленетіні туралы қорытынды жасалады.








