Қазақстан жастарынын тілге этникалық тұрғыдан қатысы
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан жастарының этникалық тұрғыдан өздерін қай топқа жатқызатыны
жайында талқыланады. Респонденттердің жеке мәліметі мен лингвистикалық құзыреттілігі,
діни мен этникалық тұрғыдан қатысын анықтау мақсатында Қазақстан университеттерінің
бірінде бакалавриат бөлімінде оқитын студенттері арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама
нәтижелері бойынша ата-анасы бір ұлтты жастардың көпшілігі ата-анасының ұлтын, ал аралас
ұлтты отбасында туып өскен жастар әкесінің ұлтын таңдайтыны анықталды. Зерттеу жастардың
этникалық таңдауына – туылған жері мен тілдік құзыреті, діни ұстанымдары әсер етпейтінін
анықтады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанда аталған мәселенің ахуалдың дәрежесін түсіну мен
алынған нәтижеге қарай тиісті ұлттық бағдарламаларды әзірлеу болып табылады.








