Жаһандану дәуірінде этномәдени және тілдік ұқсастықтың сақталуы

Авторлар

  • A.N Baituova Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан

Аңдатпа

Ғасырлар тоғысында заманауи адамзаттың жаһандық өзгерістері жаңа бағдардың, жаңа
құндылықтардың пайда болуымен ерекшеленеді. Ғаламдық экономиканың соны әлемдік
идеялары, мәдениеттердің бірігуі т.с.с. өзекті мәселеге айналуда. Жаһандану үдерістері
ұлттық мәдениеттерге көптеп енген сайын, халық та мәдениет, дәстүр, тіл, дін, діл сияқты ішкі
компоненттерін барынша сақтап қалуға күш салуда. Яғни ғаламдық өзгерістер кезеңінде халықтың
осы дүниеде қоғамдағы өз орнын өзі анықтауға, өзінің ұқсастығын қорғап қалуға және сақтап
қалуға және өзіндік ерекшелікке ұмтылуымен байланысты ұлттық ұқсастық мәселелері күшеюде.
Ұлттық мәдениеттің ғасырлық әдет-ғұрпына баса-көктеп кіретін жаһанданудың шарасыз
үдерістері кейде соңы дау-дамайға, одан соң адамзаттың құрбан болуына әкеп соқтыратын
ұлтаралық, дінаралық шиеленіске алып келеді. Заманауи әлемде ұлтаралық дау-дамайлар мен
сепаративтік идеялардың бүгінгі таңдағы басты мәселелердің біріне айналғаны кездейсоқ емес.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-27

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі