Қазақ тілі медиа-корпусты даярлау мәселесі

Авторлар

  • Madieva G.B., Mansurova M.E әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы: Қазақстан
  • Aubakirov S.S. Ermekov Zh.S әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы: Қазақстан

Аңдатпа

Қазіргі корпустық лингвистикада медиа-корпус ерекше орынды алады. Медиа-мәтіндер
деректеріне бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жаңалық мәтіндері жаппай іріктеу
тәсілдері негізінде қамтылды. Сөзсіз, медиа-корпус әртүрлі негізге бағытталған сұрауға іздеу
арқылы кең ауқымдағы тұтынушылар үшін жаңалық ақпараттарын талдауға, жинақтауға өте
құнды дереккөз болып табылады. Ол болашақ медиа-саласының кез-келген мамандарына,
саясаткерлерге, шолушыларға, журналист-мамандарға оқу құралы бола алады. Аталмыш
жұмыстың мақсаты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті платформасында қазақ
тілінің медиа-корпусын жасау. Қазіргі уақытта медиа-корпусқа нақты деректер 44 қазақ тілді
сайттарынан, оның ішінде 10 портал төтенше жағдайлар бойынша, 11 жаңалық порталы, 13
білім беру порталы, 10 ойын-сауық ресурстарынан жинақталуда. Қазақ тілінің медиа-корпусын
құрастырушы авторлары отандық және әлемдік аренадағы кең ауқымды тұтынушыларына
қазақ тілін оқытуда, меңгертуде, талдауда, зерттеуге арналған жаңа құрал болып табылатын
жалпыхалықтық веб-порталды ұсынады

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-27

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі