Дискурс-талдау мен прагмалингвистиканың қазіргі лингвистикадағы маңыздылығы
Аңдатпа
Берілген мақала лингвистикадағы жаңа зерттеу бағыттары болып саналатын дискурс-талдау
мен прагмалингвистиканың өзара байланысын, маңыздылығын қарастырады. Дискурс-талдау мен
прагмалингвистика жайлы отандық және шетедік зерттеген ғалымдар жайлы жаң-жақты ақпараттар
беріліп, өз тараптарынан аталған ұғымдарға өз қорытындыларын жасайды. Прагмалингвистика
мен дискурс-талдау арасындағы ұқсастықтары анықталады, тіпті прагмалингвистиканың негізгі
мақсаты дискурс пен мәтіннің табиғатын ашу, оларға қатысты бүкіл мәселелерді шешу екендігі
дәлелденіп айтылады. Автор аталған ғылыми зерттеу бағыттарының маңыздылығы, өзектілігі
ретінде олардың лингвистиканың ең соңғы антропоөзектілік парадигмасына сәйкес жүзеге
асатыны, дискурс-талдауда тілдік бірліктер арқылы адамның когнитивті дүниетанымын, әлемді
қабылдауын, ой-өрісін анықтауға болатыны туралы ой қозғайды. Ал прагмалингвистика арқылы,
тілдік бірліктер арқылы өзге аудиторияға ықпал етуге болатыны айтылады. Яғни, осылайша екі
зерттеу бағыты қазіргі лингвистикада үлкен орын ала отырып, өзінің маңыздылығын көрсетеді.








