Зооморфтық метафораның қолданылуының прагматикалық аспектісі
Аңдатпа
Мақалада орыс және қазақ тілдеріндегі зооморфтық метафоралардың қолданылуының прагматикалық аспектілері қарастырылған. Мақалада орыс және қазақ тілдерінің дискурстық кеңістігіндегі зооморфтық метафоралардың кеңінен қолданылатын мысалдары қарастырылған. Автор коммуникативтік тәжірибеде зоомортық метафоралардың жиі қолданылатынына аса назар аударады. Бұл бірліктер әлеуметтік жағдайы әр түрлі деңгейдегі, саяси көзқарастарының айырмашылығы бар адамдарға қаратпа сөз ретінде қолданылады және адамның сыртқы бейнесінің ерекшеліктерін көрсетеді. Зооморфтық метафоралар дискурста жиі қолданысқа ұшырайды, оның себебі бірқатар экстралингвистикалық факторлармен байланыстырылған.
Олардың ішінде бұл лексикалық бірліктердің басқаларға қарағанда эмоционалды болуымен
және ауыспалы мағынада кең қолданылуымен байланысты болу жағдайы. Мақалада орыс және
қазақ тіліндегі зооморфтық метафоралардың коннотативтік семантикасының айырмашылығына
әсер еткен ұлттық-мәдени ерекшеліктері көрсетілген.








