Коммуникативтік-прагматикалық бағыттағы баспасөз-жарнама мәтіндерін өрнектеудің морфологиялық құралдары
Аңдатпа
Мақалада қазақстандық пресс-жарнаманың коммуникативті прагматикалық бағыттағы
мәтіндердің морфологиялық амалдары қарастырылады.
Жарнама мәтініндегі сөз таптарының эмоциялық және прагматикалық қабілетін іске
асыру мысалдары талданады. Сәйкесті жарнамалық мәтін құралымындағы зат есімдер, сын
есімдер, есімдіктер, жақсыз етістіктердің семантикалық құрылымында табылатын жағымды
эмоциялылығы жалпы коммуникативтік стратегиясына қатысу мүмкіншілігін береді.
Мақала авторының ойлауынша дерексіз (абстракциялық) зат есімдер маңызды прагматикалық
әсердi игереді, сол себептен медициналық жарнама дискурсында кең қолдануда. Сонымен қатар
сын есімдердің, есімдіктердің, үстеу және етістіктің грамматикалық түрлерінің перлокутивті
қабілеттіліктері анықталады.
Сонымен, жарнама берушіге қажетті эмоциялық фон және орынды коммуникативті
прагматикалық бағытты жарнамалық мәтінді келістіріп жасау үшін тілдің морфологиялық
амалдары қолданылатыны дәлелденеді.








