Білім берудегі визуализациалау туралы

Авторлар

  • Azamatova A.K., КИМЭП Университеті, Алматы, Қазақстан

Аңдатпа

Мақала ақпараттық технологиялар дамуындағы жаңа тенденцияларға, әсіресе ақпараттың визуалдануына, олардың негізгі қасиеттеріне және айырмашылық сипаттамаларына байланысты, сонымен қатар олардың коммуникацияға, мәдениетке, білім беру және ойлау қызметіне кең көлемде ықпал етуіне арналған. Соңғы онжылдықтарда ақпаратты визуалды беру саласында революциялық дерлік өзгерістер пайда болды: берілетін ақпараттың көлемі мен саны аса зор өсті, визуалды ақпараттың жаңа түрлері, сонымен қатар оны жіберу әдестері пайда болды. Ақпараттарды берудің әр түрлі әдістеріне салыстырмалы талдау жасау визуалды әдістердің тиімдірек екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді, себебі ақпараттар көбірек құрылымдық реттелген және жүйелі түрде беріледі. Жоғары технологиялардың даму деңгейі мен білім беру бағдарламаларының сәйкессіздігі байқалады, ол бағдарламалар түбегейлі жаңалауды қажет етуде. Мақалада оқушылардың когнитивтік мүмкіндіктерін дамытатын «визуалды-бағытталған» әдістемелерді меңгерудің болашағы талқыланады.

Жарияланды

2018-11-29

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі