Аудиовизуалды әдіс орыс тілін шет тілі ретінде оқытудағы аудитивті дағдыны қалыптастыру құралы ретінде
Аңдатпа
Шет мемлекеттермен іскерлік және мәдени байланыстарды кеңейту тілдік білім беруге қойылатын жаңа талаптарға себепші болады. Тілдесудің құнды әрі табысты шарттарының бірі тыңдалым икемділігі болып табылады. Тіл үйретудің бастауыш деңгейінен бастап аталмыш икемділікті дамыту коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға септігін тигізеді. Аталмыш зерттеу жұмысы жоғары оқу орнында шет тілін үйретудің қазіргі әдістемесі болып табылатын өзекті мәселелердің бірі – студенттерді тыңдалым әрекеті негізінде басқа тілде тілдесуге үйретуге арналған. Шет тілінде толыққанды қарым-қатынасқа түсу негізінде өзі үйреніп жатқан тілінде сөйлеуді білу, қабылдау, түсіну дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру үдерісі жатыр. Тыңдалымға таңдап алынған материалдар шынайы тілдік орта моделі ретінде қызмет атқарады. Бұл дегеніңіз студенттерді сөйлеу әрекетіне қатыстыруға мүмкіндік береді. Аудиовизуалды материалдар жағдай туралы визуалды ұғымды қамтамасыз етеді, сонымен қатар айтатын дыбыстардың артикуляциясын көруге мүмкіндік береді. Бұл өзге тілдегі сөзді түсіну және қабылдау үдерісін жеңілдетеді.








