Жоғары оқу жүйесінде шетел тілін арнайы пөндермен байланыстыра оқыту
Аңдатпа
Мектеп және жоғары оқу орындар жүйесінде үштілді білім беру жоба аясында Ағылшын тілі пәнін қазақ тілі мен орыс тілдерімен қатар оқыту оңай дүние емес екені туралы қоғам қайраткерлері өз пікірлерін ортаға салды. Себебі бұл білім беру тұрғысынан да және мәдени әлеуметтік тұрғыларданда күрделі, қиыншылық тудыратын мәселе. Қоғамда түсіністікпен қарамайтын және қарсылық білдіретін тұлғалар басым.
Бұл жоба бойынша биологияны, химияны, информатиканы, физиканы ағылшын тілінде оқыту үшін улкен дайындық жұмыстарды талап етеді. Ең алдымен жобаны іске асыру мақсатында бұл пәндер бойынша ағылшын тілінде оқулықтар дайындалуы тиіс, екінші, осы пәндерді ағылшын тілінде дәріс беретін оқытушыларың – ағылшын тілі біліктілігін көтеру, үшінші, сонымен қатар мектеп оқушыларының және университет студенттерінің де тіл біліктілігін артыру жұмыстары қолға алынылуы қажет. Бұл бағдарламаның іске асыру мәселесі көп факторларға байланысты.








