Жыраулар поэзиясының тақырыптық-концептуалдық әлемі мен оның орыс тіліндегі аудармаларда берілу сипаты
Аңдатпа
Жыраулар поэзиясы тек 5 ғасырлық қазақ поэзиясының ғана емес, сонымен бірге түркі әдебиетінің, атап айтқанда, ноғай, башқұрт, қарақалпақ, татар, Қырым татарлары әдебиетінің іргесін қалаушы мағынаға ие. ХIV-ХVIII ғасырларда осы туыстас әдебиеттердің дамуы барысында, поэтика, ритмика, бейнелілік, композиция, поэтикалық сөз бен троптарды қолданудың өзара ұқсас фундаменталды қағидалары қалыптасты. Ғасырлар бойы дамып отырған жыраулар
поэзиясының өзіндік ерекше ғарышы пайда болды. Бұл «ғарышты « біртұтас менталдылық
билеген, қалыптасқан қарым-қатынастар жүйесіне, өзіндік тақырыптық-концептуалдық бейне,
маркер, символ, культурогема, идиологема, мифологемаларға негізделген әлемтану, әлемді ұғыну
деп сипаттауға болады. Бұл сөз-бейнелердің өзіне тән мәдени маңыздылығын ескере отырып,
аталмыш бірліктердің заманауи тілдерге адекватты түрде аударылуын қадағалайтын әдістеме
мен әдіснамасын жасау қажет. Көзделген мақсатты орындау үшін, ортағасырлық ұлы жыраулар
поэзиясының қолдағы бар аударылу тәжірибесінің бірыңғай талдауын жүргізу керек. Мақала
аударматану мен компаративистиканың осы бір маңызды мәселесіне арналған.








