Орыс және қытай лингвомәдениетіндегі іскерлік қарым-қатынас құралдарының прагматикалық қызметі
Аңдатпа
Мақалада іскерлік қарым-қатынастың лингвапргаматикалық ерекшеліктері іскерлік
коммуникацияның негізі құралы екендігі айтылады. Іскерлік дискурс функционалды-
пргаматикалық парадигманың категориясы ретінде және ғылыми-зерттелетін аппарат ретінде
қарастырылған. Бұл парадигмада бейвербалды сөйлеу құралы ерекше аталып өтеді. Мақалада
бейвербалды қарым-қатынас орыс және қытай мәдениеті арасындағы коммуникацияның аспектісі
негізінде қаралады. Аталаған әр мәдениетте өз ұлтына тән ерекшеліктері мен универсалды қарым-
қатынас жасау құралдары бар. Іскерлік сөйлесу мен қарым-қатынас жасауда күлімсіреу, қолдан
қысу, сәлемдесу мен қоштасу қимылдары маңызды орын алады. Мақалада барлық бейвербалды
іскерлік қарым-қатынас жасау құралдарының ерекшеліктеріне сәйкес түсініктемелер беріледі
және олардың орыс және қытай мәдениетіндегі прагматикалық қызметін айқындайды.








