Қазақстандық интернет қарым-қатынастың лингвистикалық ерекшеліктері туралы
Аңдатпа
Мақалада жалпылама компьютеризация және жаһандану жағдайларындағы қарым-қатынастың ерекше түрі ретінде саналатын Интернет қарым-қатынасындағы тілдік табиғатының орнығуымен байланысатын мәселелер қарастырылады. Қазақстандық Интернет жүйе (Қазнет) материалдары негізінде осы заманауи қарым-қатынасқа қатысты жалпы сипаттары анықталады.
<Ауызша және жазбаша сөйлеу түрі> деп атауға ұысынылған ерекше тілдік формасын көрсететін
Интернет қарым-қатынастағы лингвистикалық қатынастарды қамтитын ахуал негізделеді. Бул
түрдегі ақпараттық алмасуға бір тілден екінші тілге өту үдерісі шектеулі болатын және қағида
бойынша нағыз коммуниканттар ретінде байқалмайтын қостілдік көрінісі тән болады. Негізінде
қазақстандық Интернет қарым-қатынасы үшін графикалық жағына орыс және қазақ тіліндегі
сөздерді немесе сөзжасамдық морфемаларды қосарласу жолымен жазу сияқты ерекшеліктер
тән болып келеді.








