И. Щеголихиннің «Өкінбеймін, шақырмаймын, жыламаймын...» романындағы автобиографиялық кейіпкер мәселесі
Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның орыс жазушысы Иван Павлович Щеголихиннің романындағы
автобиографиялық кейіпкер мәселесі қарастырылады және жазушының өмірі жөнінде
автобиографиялық мәліметтер беріледі. Автор естеліктер мен мемуарлар баяндалатын
автобиографиялық жанрға аса назар аударады. Мақалада автор жазушының соңғы жылдарда
назар аударған барлық автобиографиялық шығармалары бойынша қысқаша мәлімет береді.
Автор «Өкінбеймін, шақырмаймын, жыламаймын...» романын негізгі зерттеу нысаны ретінде
қарастыра отырып өмірдің өзі романның жазылуына негіз болғандығын сипаттайды. Автордың
ойынша, романның негізгі идеясы, автор-кейіпкердің басына түскен және қоршаған ортаның
тотальді қиындықтары мен ауыртпалықтарына қарамастан ар-ождан мен әділеттік идеясына
адал болып қалуды өзінің өмірлік міндеті деп санағвндығы болып табылады. Романның алдын-
ала ойластырылған үш бөліктік құрылымдық композициясы суреттеледі, әр бөлікте қарқынды
сюжет ой-толғау монологтарымен астасып жатады. Автордың ойынша, роман тарихи сюжетке
негізделген. Автор жазушының өз романындағы соғыс алдындағы балалық шақ, ер жету азаптары,
алғашқы махаббат, соғыс кезеңінің азаптары, достар мен жақындардан айырылу қиындықтары,
уайым мен қайғы сияқты мәселелер жөнінде толғанатынын айтады. Кейіпкер өзінің өмірлік жолын
өтіп келе жатқан адам бейнесін баяндайды. Әр тұрғыдан салыстыру мақсатында мақалада басқа
автобиографиялық романдар туралы мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар, мақалада айтылып
отырған мәселелерді растайтын және көрнекі құралдар мен сандық мәліметтер, мысалдар
келтірілген.








