Ә. Нүрпейісовтің «Соңғы парыз» романы туралы жаңа ой-толғам

Авторлар

  • R.M Meiramgaliyeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы: Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада Арал теңізінің мәселесі жайлы, яғни Арал теңізінің тартылуы сонымен қоса
балықтардың да жойылуы жөнінде ой қозғалады. Арал жағалауынан аз уақыт ішінде толыққанды
қызу өмірдің қоса кеткені айтылады. Мақаланың авторы шығармада теңіздегі жұмысшылардың
азайып, ортайып бара жатқан нәпақалары үшін күрделі күрестегі өздерінің жарқын да өкінішті
істерінің шығармада ашыла түсетіндігін атап көрсетеді. Романда туған өлке тағдыры бас кейіпкер
тарапынан баяндалады. Шығармада адамдар тарапынан теңіздің тартылуының көпқырлы
зардабына агрессия туа бастағанда табиғат анаға жасалып жатқан зардап жөніндегі мәселе   туындайтындығы нақты көрсетілген. Романдағы негізгі шығармашылық ізденіс Арал балықшы
колхозының қамсыз, мәнсіз жоғалуға бет алған өмірі. Осы идеяны бас кейіпкер, балықшылар
жетекшісі Жәдігер арқылы әсерлі жеткізген.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-02