«Ер жәнібек» жырының ботай нұсқасы

Авторлар

  • Sejtzhanov Z.N. Mekebaeva L.A Ospanova A.A әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы: Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада XVIII ғасырда өмір сүрген Абылай батырларының бірі атанған Жәнібектің ерлігі
талданады. Жырдың бірнеше нұсқасы бар екені белгілі. Ал мына мақалада Ботай нұсқасы сөз
етілген. Жыршы батырдың жас шағынан бастап таныстырған. Жоңғарлармен болған екі ерлігіне
ерекше тоқталған. Сондай-ақ, Жәнібектің әрі батыр, әрі шешен адам болғандығы назардан
қалмаған. Шығарма тарихи жырға жататын болғандықтан, кейбір жанрлық сипаттар қадау-қадау
сөз етіліп отырады. Тұтастай алғанда тарихи жыр әлі де зерттеліп бола қоймаған. Жанрлық түр
екенін ескерсек, мақала сол олқылықтың орнын толтырады. Бұл батырдың 300 жылдығының өзі
соңғы кезде ғана тойланды. Көп уақыт ақтаңдақтар қатарында қалып келгені белгілі. Сондықтан
жырдың барлық нұсқасын тауып ғылыми айналымға қосу міндет. Мұның өзі тарихымыздың
кейбір ашылмай жатқан беттерін білуге және жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудің бір жолы.
«Ер есімі ел есінде» екенін ескерсек елін, жерін қорғап, ерлік көрсеткен батырды құрметтеу оның
есімін жаңғыртып жас ұрпаққа жеткізу бүгінгі күн міндетінің бірі.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-02