Классикалық дәстүрдің Вагиф поэзиясына ықпалы
Аңдатпа
Бұл мақалада Азербайжанның XVIII ғасырдағы поэзиясында өзінің есімін мәңгілікке
қалдырған, әдебиетімізді тың рухпен, шыншыл поэзиямен байытқан корифей-шебер Молла
Панах Вагифтің шығармашылығына классикалық дәстүрдің қалай ықпал жасағандығы туралы
әңгімеленеді. Ең алдымен, қысқаша болса да, XVIII ғасырда – шебердің өмір сүрген дәуірінде –
әдебиет әлемі қандай дәрежеде болғанын айта кетелік. XVIII жүзжылдықта көркем әдебиеттік,
философиялық, ғылыми, этикалық, эстетикалық, қоғамдық-саяси көзқарастар, азербайжан
халқының бүкіл шығармашылық мүмкіндігі әдебиетте көрініс тапты. Бұл кезеңде Азербайжанның
мәдени өмірінде, поэзияда да әдебиет жетекші роль атқарды. Үзіліссіз болып жатқан қоғамдықсаяси, экономикалық дағдарыстар, соғыс жанжалдары әдебиеттегі нақты сыншыл бағытты
күшейтті. Жазушылар өмірдің ыңғайсыз жақтарына үлкен көңіл бөле бастады, кінәліларды
сынауға тырысты. Азербайжан жазушылары еркінен тыс тарихшы, философ, насихатшы
міндеттерін атқарды.








