Баспасөздегі халықаралық хабар ресурстарының терминдері және норма

Авторлар

  • M Rzayeva Гянджа мемлекеттік университеті, Әзірбайжан, Гянджа қ

Аңдатпа

Мақалада халықаралық хабар ортасында қалыптасып келе жатқан хабар ресурстарының
терминдері жөнінде әңгімеленеді. Баспасөз тілі икемді, осы себепті онда хабар ресурстары
терминдері молынан пайдаланылады. Хабар ресурстары терминдері өзінің тез игерілгіштік
сапасы жағынан өзге терминдерден бөлектеніп тұрады. Бұл айырмашылық баспасөзде
пайдаланылатын терминдердің игерілуі және жалпыхалықтық сипат алуы жағынан бірдей емес
екендігін көрсетеді. Баспасөзде халықаралық терминдердің кейбір бөлігі жалпыхалықтық сипат
алғанымен, едәуір бөлігі мұндай дәрежеге жете алмайды, біршама уақыт өткеннен кейін өзінің
пайдаланылу қасиетін жойып алады. Алайда хабар ресурстарының терминдері жалпыхалықтық
сипат алып тез меңгеріледі. Олардың игерілуі қандай жылдам болса, нормалану мүмкіндігі де
сонша жоғары. Мұндай терминдерді баспасөзде пайдалану олардың игерілу және нормалану
мүмкіндігін одан әрі жоғарылатады. Бұл үдеріс баспасөздің жалпыхалыққа ықпал ету дәрежесіне
де тәуелді. Мұндай терминдер қарапайым сөздермен, туынды сөздермен, күрделі сөздермен,
күрделі қысқарған сөздермен және сөз тіркестерімен беріледі. Сөз тіркесі формасында жасалған
терминдерде азербайжан тілінің құрылымдық жүйесінің талаптары толық сақталады. Мұндай
терминдердің пайдаланылуы азербайжан тілінің лексика-терминологиялық мүмкіндігінің өсіп
келе жатқандығының нақты көрсеткіші болып есептеледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-02