Бағдарламалық құжаттардың БАҚ дискурсындағы көрінісі және олардың қоғамдық санаға ықпалы
Аңдатпа
Мақалада саяси коммуникацияның белсенді қатысушысы ретінде бағдарламалық құжаттар
түріндегі саяси дискурспен БАҚ дискурстың рөлі қарастырылады. Саяси дискурспен БАҚ
дискурстың көпфункционалдығы мен әртүрлілігі материалдың түпнұсқасында, яғни мемлекеттік
бағдарламалық құжаттарда талданады. Саяси дискурспен БАҚ дискурстың ұқсастықтары көп,
олар қолдану салаларында жиі ұшырасады.
Саяси дискурстың жетекші гипержанрлары: бағдарламалық құжаттар, жария сөйлеу саясаты,
сайлау алдындағы үгіт, саяси дискурстың негізгі мақсаты – билік үшін күрес атап көрсетілген
және сипатталған. Автор шеткері жанрларға саяси мемуаристиканы, саяси сұхбатты жатқызады.
Бұл ретте әрбір гипержанр қарастырылып отырған гипержанр ішіндегі бастапқы жанрды, сондайақ шеткері жанрларды құрайтын мәтіндерден тұрады.








