Ғылыми-техникалық терминологияның онтологиясы және лексикографиялық сипаттамада оны кодтау мәселелері
Аңдатпа
Мақала ғылыми-техникалық терминологияның онтологиясына және лексикографиялық
сипаттамада оны бірыңғай жүйеге келтіріп біріктіру мәселесіне арналған, әрі оның
мақсаты терминологияның негізгі ұғымын және термин табиғатын кодтауды анықтау болып
табылады. Қазіргі заманғы терминтанудың негізгі категориялары анықталған, термин-сөздің
терминологияның жүйесі ретінде ғылыми дефинициясы берілген. Ғылыми-техникалық терминнің
табиғатын анықтаған кезде кез-келген тілдің жалпы лексика жүйесінде оның функционалдық
маңыздылығы мен орны анықталады. Сондай-ақ мақалада ғылыми-техникалық терминнің
семантикалық құрылымы және қазіргі ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері термин арқылы
қалай көрсетілетіні зерделенген. Жаңа терминдердің саны бейтарап, жалпы қолданылатын
лексикадан жоғары екені белгілі. Мақалада термин-сөздің синтаксистік қызметі, оның тіркесімдік
қасиеті кешенді сипатталған. Осының барлығы тілді лексикографикалық кодтау тәжірибесіне
кіреді. Электр энергетика саласының ғылыми-техникалық терминдері қарастырылған, олар сөйлеу
қызметіндегі сөз тіркесімі ұсынылғын сөздіктерден бірталай кең қолданылатыны көрсетілген . Терминдердің лингвистикалық тіркесімін дұрыс түсіну сөйлеу кезінде дұрыс қолдануға мүмкіндік
беретіні айқындалған.








